Шағын бизнестегі 3 млн-нан астам қазақстандық дағдарысқа ұрынады

Шағын бизнестегі 3 млн-нан астам қазақстандық дағдарысқа ұрынады

Коронавирус пандемиясы алып келген бұл жолғы дағдарыс отандық бизнес нысандарына оңай соққы болмайын деп тұр. Елімізде экономиканың әр саласында көптеген кәсіпорындар жұмысшыларын қысқартудың алдында тұр. Сарапшылардың есебінше олардың қатары арта түспесе кемімейді. Бір ғана шағын және орта бизнесте нәпақасын тауып жүрген 3 миллионнан астам адам дағдарыстың зардабын тартып, миллионға жуығы жұмысынан айрылады дейді олар. Еңбек ресурстарын дамыту жөніндегі орталықтың болжамы бойынша егер шұғыл шара қабылданбаса, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 проценттен 13,7 процентке бірақ көтерілмек.

Әсіресе қоғамдық тамақтандыру, сауда, демалыс және ойын-сауық, көлік, құрылыс салаларында қысқарту немесе жалақы сақталмаған демалысқа жіберу жағдайы көбірек болады. Осыған орай, жұмыс орындары мен халықтың табысын сақталып қалудың бірнеше жолы қарастырылмақ. Алдымен, шағын бизнес қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді субсидиялау ұсынылды. Ал субсидияға дәмелі жұмыс берушілерге еңбек келісім шарттарын электрондық еңбек биржасы арқылы тіркеу туралы шарт енгізуі мүмкін.

Бұдан бөлек, 2020 жылдың соңына дейін жалақысы төмен қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын мемлекеттен субсидиялау ұсынылды.

 

Фото: zakon.kz