COVID-19: әлем экономикасына қайта жан бітті

COVID-19: әлем экономикасына қайта жан бітті

Еуропаның ірі елдерінде автомобиль өндірісінің ошақтары жандана бастады. Осылайша, Renault компаниясы Франциядағы зауытын қайта ашты. Италияның Модена қаласындағы Феррари зауыты да жұмысын жандандырды. Ал Венгриядағы Suzuki өндіріс ошағы келесі аптада жұмысын бастайды. Барлық кәсіпорындар күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауда.

«Бұрын жұмысшылар еркін, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін. Біз бір метр қашықтықты сақтау үшін қорғаныс тосқауылдарын орнаттық»,- дейді Франциядағы зауыт қызметкері.

Volkswagen автомобиль концернінің кәсіпорындары да кезең-кезеңімен ашылуда. Жұмысқа кіріспес бұрын, қызметкерлер COVID-19  инфекциясына тексеруден өтеді.

Италия билігі өндірістік қызметті 4 мамырдан бастап іске қосуды жоспарлап отыр. Билік экономика секторында адамдардың физикалық күші аз қажет ететін, сондай-ақ экспортқа бағытталған өндіріс ошақтарын ашу керек деп отыр. Бұлар – құрылыс, көтерме сауда, сән саласы, жиһаз өндірісі.

Сонымен қатар, ЕО экономиканы қолдау бойынша төтенше шаралар бағдарламасын бекітті. Бұл мақсатқа 540 миллиард еуро бөлінеді. Оның 100 миллиарды жұмыс берушілерге мақсатты өтемақы төлеуге жұмсалады, осылайша, жұмыскерлердің жұмыс орны сақталып қалады. Өз кезегінде, Еуропаның инвестициялық банкі шағын және орта бизнесті қолдау үшін 200 млрд еуроға жеңілдетілген несие бағдарламаларын дайындайды.

Сонымен қатар, Еуропалық Комиссия мен Еуропалық инвестициялық қор жаңа бағдарламаны қолға алып отыр. Бұл тез дамып келе жатқан компанияларға белсенді инвестиция салуға мүмкіндік береді. Барлығы 300 миллион еуро бөлінді, бұл 1,2 миллиард көлемінде инвестициялар тартуға жағдай жасайды.

Ал Америка Құрама Штаттары келесі айдың ортасынан бастап өнеркәсіп пен құрылыс салаларын біртіндеп қосуды жоспарлап отыр.  АҚШ-та 15 мамырдан бастап өндіріс алаңдары толығымен жұмысқа кіріседі.

Айта кетейік, әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асып түсті. Қайтыс болғандардың саны 208 мыңнан артып жығылады.

 

Фото: sb.by