Қазақстанда экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылады

Қазақстанда экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылады

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, бұл шетелдік нарықтарда жұмыс істегісі келетін отандық кәсіпкерлерді қолдаудың тағы бір шарасы.

«QAZTRADE экспорттық акселераторының мақсаты экспорттық сауда жасағысы келетін кәсіпкерлерді қолдау шараларын аккумуляциялау, яғни кәсіпорынның және ол өндіретін тауардың әлеуетін талдаудан бастап нарықты таңдау, сатып алушыны табу, маркетингтік науқанды жүргізу, экспорт үшін қажет құжаттар пакетін жинауға дейінгі барлық қолдау шараларын топтастыру. Осылайша, әлеуетті экспорттаушыға толыққанды сүйемелдеу жасалады», — деп хабарлайды ведомство.

Қазақстан осы ретте осыған ұқсас бағдарламаны сәті жүзеге асырған Канада, Австралия, Ресей, АҚШ және Германия елдерінің тәжірибесін зерттеген. Акселератор арқылы алдымен тағам өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау қарастырылып отыр. Бизнес үшін жаңа қызмет түрі – тегін. Өтініштер export.gov.kz порталында қабылданады.

 

Фото: amic.ru