Қытай экономикасы қайта жандана бастады

Қытай экономикасы қайта жандана бастады

Коронавирустың жаңа түрі белең алғаннан кейін де Қытайдың инвестициялық тартымдылығы төмендеген жоқ. Аспан асты елінде жұмыс істеуге ниетті шетелдік компаниялар жетерлік. Кәсіпкерлердің пікірінше, мұнда қазір бизнеске қайта жан бітіп келеді. Даму перспективалары да қызықтырарлық. Мысалы, тұқым өндірумен айналысатын америкалық ауылшаруашылық компания Қытай нарығына 70-ші жылдары келген. Осы уақыт ішінде Халық Республикасы оның басты нарықтардың біріне айналған. Ал қазір орын алып жатқан өзгерістер керемет мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

«Біз Қытайдың ұзақмерзімді экономикалық өсіміне сенімдіміз. Соңғы екі жылда ауылшаруашылық нарығы жақсы дамыды. Сондықтан жергілікті салада тиімді жұмыс істей алатынымызға сенім мол», - дейді компанияның Қытайдағы президенті Питер Хуан.

Тағы бір америкалық компания – жеміс-көкөніс жеткізуші бренд Қытайда 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі күні Аспан асты елі бұл кәсіпорынның әлемдік кірісінің 20 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Алдағы бес жылға жасалған болжамға сәйкес, Қытайға жеміс жеткізу көлемі 60 миллиард юяньнан 100 миллиард юаньға дейін өсуі ықтимал. Халық Республикасының 140 қаласында компанияның 1600 сауда нүктесі бар. Алдағы уақытта олардың санын көбейту жоспары бар.

«Қытайдағы инвестициямыздың көлемін өсіре бермекпіз. Әсіресе, елдің батыс өңірлерінде қосымша орталықтар салып, қытайлық тұтынушыларды көптеп қамту көзделген. Жеміс өнімдерін көбейтіп, қаптамаларын да ойластыратын боламыз», - дейді компанияның Шанхайдағы бренд-директоры Ван На.

Қытайда кәсібін дөңгелетіп отырған тағы бір шетелдік компания сәуле терапиясына және онкологиялық ауруларды емдеуге маманданған швециялық корпорация.

«Бір жағынан, Қытай халқының саны өсіп келеді, онкологиялық ауруларды емдеуге қажеттілік бар. Басқа жағынан, Қытаыда дарынды адамдар көп. Сондықтан жаңа технологияларды әзірлеу тұрғысынан алғанда осы жерде жұмыс істеу тиімді», - дейді компанияның Шанхайдағы бас директоры Джек Ло.

Сарапшылар Қытай экономикасының қайта қалпына келу қарқыны көп ұзамай арта түседі деп отыр.

 

Фото: