Сарапшылар: «Мемлекеттік бюждет 1 трлн жоғалтуы мүмкін»

Сарапшылар: «Мемлекеттік бюждет 1 трлн жоғалтуы мүмкін»

Мұнай бағасының тұрақсыз болуы және сұраныстың төмендеуінен Қазақстанның кіріс көзі азаяды.  Осылайша, елдің мемлекеттік бюджетіне «қара алтынды» сатудан түсетін қаражат бір триллион теңгеден аз болуы мүмкін. Бұл туралы мәліметті еліміздің мұнай-сервистік компаниялары одағы келтіріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ОПЕК+ келісімі бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес республика өндірісті бір жарым миллион тоннаға қысқартуы керек. Бұл мұнай кен орындарындағы қызметтердің 40 пайызға төмендеуіне әкеледі, осылайша, қабылданған шара мұнай сервисіне кері әсер етуі мүмкін. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соғады. Мәселен, «Теңізшевройл» ірі мұнай кәсіпорындарының бірінде жұмыс қарқынын біртіндеп төмендетіп, кен орнындағы жұмыскерлер санын қысқартуға ниетті.

 

Фото: 24KZ