Қазақстанның мұнай нарығындағы дағдарыстан аз шығынмен шығуына әлеуеті жетерлік

Қазақстанның мұнай нарығындағы дағдарыстан аз шығынмен шығуына әлеуеті жетерлік

Мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан экономикасына өзге өндіруші елдерге қарағанда қатты әсер ете қоймайды. FinReview.info-ның хабарлауынша, 2020 жылдың басынан бері әлемде қара алтынға деген сұраныс тәулігіне 20 миллион баррельге, ал оның құны 70%-ға төмендеді. Осыған қарамастан бірінші тоқсанында Қазақстан мұнай өндіруді 2,4%-ға,  ал тасымалдауды 5% -ға арттырды. Алғашқы үш айда былтырмен салыстырғанда өндіріс 2,4%-ға өскен. Осы аралықта жалпы құны 2,6 триллион теңгені құраған  23,6 миллион тонна мұнай өндірілді. Сондай-ақ, тасымалдау 5%-ға артты. Каспий Құбыр Консорциумы арқылы 16,9 млн тонна мұнай экспортталды.

Алайда, 1 мамырда мұнай экспорттаушы елдердің келісімі күшіне енеді. Оның аясында Қазақстан өндірісті тәулігіне 390 мың баррельге қысқартуға міндеттенеді.  Қара алттынның бағасы барреліне шамамен 20 доллар деңгейінде ұзақ уақыт сақталса да, елдегі 30 миллиард долларды құрайтын халықаралық резервтердің арқасында Қазақстан ұлттық экономиканы 15 жыл бойы ұстап тұра алады. Яғни,  қазіргі дағдарыстан болатын шығындарды азайтуға еліміздің әлеуеті жетерлік.
Бүгінде еліміздің жер қойнауында жалпы көлемі шамамен 30 миллиард баррельді немесе әлемдік қордың 1,7% құрайтын мұнай жатыр. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінен, сондай-ақ Ресей мен АҚШ-тан кейін әлемде 12 орында тұр. Соңғы екі жылдың ішінде мұнай өндірісі қазынаға 1 триллион теңгеден астам кіріс берді. Алайда, ағымдағы бағалар бойынша бұл кірістер 3 есеге кемуі мүмкін.

 

Фото: atameken.kz​