Республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады

Республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады

Биыл Қазақстанда республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

«Биыл «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының екінші кезеңіне кірістік. Оны жүзеге асыруға 5,5 трлн теңге бөлу қарастырылған. Биыл бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланған, соның ішінде 2600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Темір жолды электрификациялау жалғасады. Сонымен бірге, республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автожол ақылы қызметке ауысады», - деді Роман Скляр Үкіметтің онлайн отырысында.

Вице-премьердің айтуынша, бұл жолдарды бюджет есебінен күтіп-баптау азаяды. Сондықтан үнемделген бюджет қаражаты өзге де маңызды жобаларға бағытталатын болады.

 

Фото: uralskweek.kz