Қазақстанда екінші деңгейлі және жалға берілетін баспана бағасы төмендеуде

Қазақстанда екінші деңгейлі және жалға берілетін баспана бағасы төмендеуде

Қазақстанда қолданыста болған үйдің бағасы 10-15%-ке арзандауы мүмкін. Мұндай болжамды Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов жасады.

Оның айтуынша, құлдырау карантин режимі аяқталғаннан кейін, яғни, мамыр, маусым айларында тіркелуі ықтимал. Ал элиталық және бизнес санаттағы үйлер инфляция деңгейінде қарай аздап қымбаттайды. Ал, комфорт және эконом санатындағы үйлердің құны көтеріле қоймайды. Қазірдің өзінде нарық доллар құнына бейімделіп алды. Десе де, тұрғындар әлі әліптің артын бағып отыр.

Соңғы кезде үйді жалдау ақысы күрт төмендеді. Сондықтан үй иелері тұтынушыны ұстап қалу мақсатында амалсыз бағаны түсіріп жатыр. Жылжымайтын мүлік федерациясының мәліметтері бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету әр жағдайда жеке қарастырылады. Бағаның түсуі халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуі, қоныс аудару, оқшаулау кезеңінде жалдау шарттарының мерзімінен бұрын тоқтатылуына да байланысты.

 

Фото: kursiv.kz