Әлемдік мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке төмендеді

Әлемдік мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке төмендеді

20 сәуір күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша WTI маркалы мұнайдың бағасы рекордтық көрсеткішке төмендеді. Техас маркалы қара алтынның  құны рекордтық деңгейге құлдырап, барреліне 37,63 долларға жетті. Алайда бірнеше сағаттан кейін оның бағасы бірден 160 пайызға қымбаттап, барреліне 2,21 долларды құрады.

Сонымен қатар, Urals маркалы ресейлік мұнай бағасы да арзандады. Дүйсенбі күнгі саудада ол барреліне 2 долларға сатылды. «Brent» маркалы мұнайдың бағасы құбылып тұр. Сарапшылар мұнай бағасы әлі де құлдырайды, ал доллар көтеріле түседі, осылайша, мұнай өндіруші елдердің ұлттық валюталары қысымға түседі деген пікір айтып отыр.  Алайда, коронавирустық пандемиядан кейін өнеркәсіптік өндіріс қайта жанданса, жағдай тұрақтануы мүмкін.

ВИКТОР МУХОМОДЬЯРОВ, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ:

- Шын мәнінде, бағаны жеткізу келісімшарттары бүгін, 21 сәуірде күрт төмендеді. Маусым айында жеткізілім келісім-шарттары барреліне 20 доллардан асады. Менің ойымша, екінші жартыжылдықта мұнайды сақтау қоймаларының мәселесі шешілуі керек. Мұнайға деген сұраныс артып, әлемдегі қорлар азаяды деп күтілуде. Бұған бүкіл әлем бойынша өнеркәсіп өндірісінің өсуі ықпал ететін болады. Сондай-ақ, әлемді жайлаған коронавирус пандемиясының шарықтау шегі осы жылдың екінші жартысында түседі деп болжануда. Сондықтан 2021 жылы Brent маркалы мұнайдың баррелі 40 доллардан асады.

 

Фото: kirov.kp.ru​