АХҚО COVID-19 жаһандық пандемиясы жағдайында қаржы нарығын қолдау шараларын ұсынды

АХҚО COVID-19 жаһандық пандемиясы жағдайында қаржы нарығын қолдау шараларын ұсынды

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті – AFSA – АХҚО нарығына қатысушыларды қолдау, нарықтың тұтастығын және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды ұсынды. Олар негізінен коронавирустың таралуынан туындаған ерекше жағдайлардың бизнеске әсерін жеңілдетуге арналған.

AFSA қабылдаған шұғыл қадамдардың бірі - Уәкілетті фирмалардың есептерді ұсыну мерзімі кейінге шегерілді. Сондай-ақ AFSA алдында ұсынымдардың орындалуы туралы есепті Қазақстандағы Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін немесе одан әрі нұсқаулықтар берілгенге дейін 30 күнтізбелік күн ішінде ұсынуға рұқсат етілді.

Айта кетейік, қазіргі кезде реттеуші қалыпты режимде жұмыс істеуде және қаржы нарығын қадағалау бойынша операциялық қызметін жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ  қаржылық қызметтері мен платформалары нарыққа қатысушылар үшін ашық және қолжетімді болып қала береді. Бұл халықаралық AIX биржасына да қатысты, ол пандемияның басынан бастап үздіксіз жұмыс істеуін жалғастыруда.

 

Фото: astanatimes.com