Төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлерге қандай салықтық жеңілдіктер беріледі?

Төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлерге қандай салықтық жеңілдіктер беріледі?

Кәсіпкерлер еңбекақы салығы мен әлеуметтік аударымдардан босатылады. Бұл туралы брифинг барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір үкімет осыған қатысты жаңа қаулы әзірлеп жатыр.

ЕРБОЛ ҮСТЕМІРОВ, ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Оның ішінде төлем көзінен төленетін жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарналар. Жалпы, қаулының екі қосымшасы бар. Бірінші қосымша экономикалық қызмет классификаторынан 29 бағыт алынған шағын және орта бизнеске қатысты. Ал ірі бизнеске қатысты 10 бағыт алынған. Жаңа қаулы бір екі күнде шығады деп күтіп отырмыз.

Елімізде еңгізілген төтенше жағдайға байланысты бұған дейін бірқатар кәсіп иелері мүлік салығынан және ауылшаруашылық тауар өндірушілері  жер салығынан жыл соңына дейін босатылғанын айта кеткен жөн. Жалпы, бүгінде дейін бизнес өкілдерінен 32 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың 28% салықтық ынталандыруға қатысты. 59% жалға алу бойынша мәселе көтерсе, 22% еңбекақы, ал 5% коммуналдық шығындарды өтеу бойынша қиындықтарға тап болғандарын айтқан.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: youtube.com