Қазақстанда дезинфекциялау автомобильдері шығарылады

Қазақстанда дезинфекциялау автомобильдері шығарылады

Қазақстанда көшелерді дезинфекциялауға және зарарсыздандыруға арналған автомобильдер шығарыла бастады. Қостанайлық машина жасау мамандары көлік модельдерінің бірін арнайы жүйемен жабдықтаған.

«Төтенше жағдайға байланысты компания алғашқы Labo автомобильдерін көшелерді дезинфекциялау және зарарсыздандыру жүйелерімен жабдықтау туралы шешім қабылдады», - делінген көлік құрастыру зауыты таратқан хабарламада.

Айта кетейік, тар аумақтардан өте алатын шағын көлікке сыйымдылығы 500 литрлік дезинфектор орнатылды. Сондай-ақ, техниканың  статикалық және қолмен басқарылатын екі бүріккіші бар. Бұл автобус аялдамаларын немесе көшедегі орындықтарды зарарсыздандыруға мүмкіндік береді.

Көшелерді дезинфекциялауға арналған отандық көлік өңірлерге жеткізілді. Мысалы, Алматы қаласының, Қарағанды және Ақмола облыстарының коммуналдық қызметтері жаңа техниканы қолданып жүр.

 

Фото: zakon.kz​