Үкімет Нұр-Сұлтан мен Алматыда 20 сәуірде жұмысын қайта бастайтын компанияларды жария етті

Үкімет Нұр-Сұлтан мен Алматыда  20 сәуірде жұмысын қайта бастайтын компанияларды жария етті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин басқарған мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыда 20 сәуірден жұмысын бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Осылайша, 20 сәуірден бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан қаласында өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері; көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар; автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу жұмысын жандандырады; ал екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді; қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.

Алматы қаласында: өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары; нотариустер алдын ала жазылу бойынша; тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің нақты санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтайды. Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдеріне тиісті шараларды қабылдап, жұмысы қайта жанданатын нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің сақталуына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Фото: svidok.info