Үкімет: 2020 жылдың I тоқсанның қорытындысы бойынша еліміздің жалпы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші

Үкімет: 2020 жылдың I тоқсанның қорытындысы бойынша еліміздің жалпы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші

Еліміздің қаңтар-наурыздағы жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,7 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Министр 2020 жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша еліміздің жалпы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне тоқталды. Оның дерегінше, үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында бірқатар салаларда өсім байқалады.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1 пайызға өсті. Жылдық инфляция 6,4 пайызды құрады. Экономиканың базалық салаларында көлік пен тұру және тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда, оң өсу байқалады. Құрылыс 11,7, байланыс қызметтері  10,5, өнеркәсіп  5,8, ауыл шаруашылығы  2,5 пайызға өсті.

Министрдің айтуынша, өңдеу секторында 8,8 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Бұл фармацевтика, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру және жеңіл өнеркәсіптегі қарқындардың артуымен негізделеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: inform.kz