Квота бойынша қандай тауарлар экспортталады?

Квота бойынша қандай тауарлар экспортталады?

Төтенше жағдай кезінде қандай ауылшаруашылығы өнімдерін квота бойынша экспорттауға болады? Азық-түлік тауарларының қай түрлерін елден шығаруға толық тыйым салынды? Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жаңа мәлімдеме жасады.

Ведомство басшылығының бұйрығына сай, қарақұмық, ақ қант, картоп, пияздың барлық түріне және өзге де баданалық көкөністер, күнбағыс, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған тұқымдары, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы сынды өнімдерді республика аумағынан шығаруға тыйым салынған.

Ал, сәбіз, шалқан, қызылша, орамжапырақтың барлық түрін, бидай немесе қара бидай ұны, жұмсақ бидай және меслин өнімдерін квота бойынша экспорттауға болады.

Экспортқа енгізілген квоталар және ішкі нарыққа өнімді кепілді жеткізу көлемі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ай сайын анықталатын болады.

 

Фото: e1.ru