Қарқынды өсім: қытайлық кәсіпкерлер нені инвестициялайды

Қарқынды өсім: қытайлық кәсіпкерлер нені инвестициялайды

Қытайда онлайн оқыту платформаларына қаржы салу сәнге айналды. Порталдар жүздеген миллиондық пайдаланушылар жинап, рекорд орнатуда. Сәуір айының басында «Юаньфудао» компаниясы миллиард доллар пайда тапқан. Бұл Аспан асты елінде білім беру индустриясына қаржы тартудың ірі кезеңі екені анық. Нәтижесінде компанияның капиталы 8 млрд долларға жуықтады. Аталған ұйым мектеп оқушылары мен студенттерге арналған электронды курстар өткізеді, сондай-ақ онлайн-тестілеу мен үй тапсырмаларын бағалау қызметін ұсынады.

КЛАУДИЯ ВАН, КОНСАЛТИНГТІК КОМПАНИЯНЫҢ СЕРІКТЕСІ:

- Инвестициялаудың басты себебі онлайн-оқыту нысанына деген сенімділік. Инвесторлар бұл болашақтың қаржылық тұрақты моделі деп санайды.

Ақпан айында осы саланы қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 4 есеге артып, 312 млн долларды құрады. Қытайда наурыз айында 8 жуық электронды платформаның әрқайсысы 14 млн доллардан астам қаржы тартқан. Соның ішінде балаларға ағылшын тілінен онлайн-сабақтар өткізетін платформа да бар.

ЧЖУН ЛИ, КОМПАНИЯНЫҢ ӘРІПТЕСІ:

- Нарықта балабақшалар мен мектептер сегменті үшін бәсекелестік жоғары. Шетелдегі жоғары оқу орындарына түсуге дайындайтын платформалардың әзірге шығындары көп, табыстары төмен. Бірақ осыған қарамастан, пайдаланушылар базасын кеңейтуге тырысуда. Біз дамушы салаларға арнап мамандар даярлайтын платформаларға көбірек назар аударамыз. Кәсіби білім беруге қатысты алаңдардың да әлеуеті зор.

Қазір Қытайда интернет арқылы білім алуды 100-ден аса компания ұсынады. 2019 жылы Халық Республикасының онлайн-білім нарығы 56 млрд долларға бағаланған. Ал белсенді пайдаланушылар саны 250 миллионнан асып түсті. Сарапшылар биыл нарық 300 млн пайдаланушы жинап, оның құны 63 млрд долларға дейін өсуі мүмкін екенін айтады.

 

Фото: hotcourses.ru