ЕО қаржы министрлері экономикалық сауықтыруға 540 млрд еуро бөледі

ЕО қаржы министрлері экономикалық сауықтыруға 540 млрд еуро бөледі

Еуропа одағының қаржы министрлері жаһандық пандемияның салдарынан келген экономикалық дағдарыспен күресу үшін 540 млрд еуро мөлшерінде жәрдемақы бөледі. Бұл туралы ЕО қаржыгерлері қатысқан видеоконференциядан кейін ұйым төрағасы Мариу Сентену хабарлады.

«Бейне конференция министрлердің ду қол шапалағымен қорытындыланды. Экономикалық сауықтыруға 500 млрд еуродан артық қаржы бөлу жоспары қолдау тапты», деп мәлімдеді Мариу Сентену.

Жоспар алдағы екі аптаның ішінде жүзеге асуы тиіс. Бөлінген ақшаның 100 млрд еуросы карантин кезінде жұмыс уақыты қысқарған қызметкерлердің жалақысын өтеуге жұмсалады. Еуропа инвестициялық банкі компанияларға 200 млрд еуро көлемінде несие берсе, Еуропалық тұрақтандыру механизмінің қоры тағы 240 млрд еуро мөлшерінде қарыз беретін болады. Жәрдем пакетінің мөлшері одаққа мүше елдерінің жалпы ішкі өнімінің 2 процентін құрайды. Бұл шамамен 240 млрд еуро. Мариу Сентену берілетін қаржы міндетті түрде денсаулық сақтау саласына жұмсалуын ерекше қадағалайтындарын да атап өтті.

 

Фото: grozny-inform.ru