ДСҰ әлемдік сауданы қалпына келтіру мерзімдерін атады

ДСҰ әлемдік сауданы қалпына келтіру мерзімдерін атады

Әлемдік сауданы дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта қалпына келтіру 2021 жылы мүмкін болады. Бұл туралы Женевада өткен баспасөз конференциясында Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо мәлімдеді. Оның айтуынша, ол бірнеше факторға байланысты болады. Әсіресе, әлемді жаулаған пандемияның ұзақтығы мен елдер қолданатын шаралардың тиімділігіне тікелей қатысты болады деді ол.

«Біздің экономистердің пікірінше, егер пандемия дереу бақылауға алынып, дұрыс әрекет етілсе, сауда мен нарықтағы барлық әл-ауқат 2021 жылы өз деңгейіне қайта жетеді. Бастапқы құлдыраудың күштілігіне қарамастан осылай боларына сенеміз»,- деп атап өтті Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо.

 

Фото: ria.ru