Мұнай бағалары ОПЕК + елдерінің алдағы келіссөздері аясында өсе бастады

Мұнай бағалары ОПЕК + елдерінің алдағы келіссөздері аясында өсе бастады

Шикізат экспорттайтын елдердің алдағы келіссөздері қарсаңында мұнай бағалары өсе бастады.

Сонымен, Лондондағы ICE биржасында сауданың нәтижелері бойынша Brent маркалы фьючерс бағасы 3% асып, барреліне 34,12 долларға жетті. WTI маркалы мұнай  бағасы барреліне 27,15 долларды құрап отыр.

Айта кетейік, ОПЕК + отырысы 9 сәуірде бейнебайланыс форматында өтеді. Бұған дейін министрлер келіссөздері 6 сәуірде өткізілуі керек еді. Алайда мемлекеттер арасында туындаған келіспеушілікке байланысты кейінге шегерліген деп отыр сарапшылар. Елдер шикізат өндірісін төмендетуге квоталар бөлу туралы консенсусқа келе алмады. Сонымен қатар, әлемде коронавирустық инфекцияның таралуы туралы жағымсыз жаңалықтар да нарыққа кері әсер етуде.

 

Фото: liter.kz