Төтенше жағдай кезінде бизнес қолдаудан тыс қалмайды

Төтенше жағдай кезінде бизнес қолдаудан тыс қалмайды

«Бизнестің жол картасы-2025» жəне «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында берілетін несиелердің жылдық үстемеақысы 6 пайыздан аспайды. Бұл жөнінде брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мəдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кәсіпкерлерді қолдау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл шаралар топтамасы әзірленген. Мәселен «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды.

ЖАСҰЛАН МƏДИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- «Бұл шағын және орта кәсіпкерліктің кез келген субъектісі бағдарламаға қатысушы бола алатындығын және жеңілдетілген қаржыландыру алатындығын білдіреді. Бір кәсіпкерге кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, айналым қаражатын қаржылай толықтыру айтарлықтай кеңейтілді. Бағдарлама аясында айналым қаражатын толықтыру 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және жаңартылып отырады.

Сондай-ақ Жасұлан Мәдиевтің айтуынша, бұл ретте сауда субъектілері үшін айналым қаражатын толықтыру көлемі 100 миллион теңгеге дейін жетеді. Кепілдендіру құралы бойынша несие сомасы 1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Кепіл көлемі 50 пайыздан аспайтын болады. Ал 360 млн теңгеге дейінгі несиелердің 85 пайызына дейін кепілмен жабылады.

Авторы Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: yourfreedom.ru