Қытай компаниялары экономикалық дағдарысты еңсеру жолдарын іздеуде

Қытай компаниялары экономикалық дағдарысты еңсеру жолдарын іздеуде

Қытай компаниялары жұмыстарын жандандыра бастады. Дегенмен коронавирус пандемиясына орай көптеген шетелдік тұтынушылар жеткізілімдерді тоқтатуға немесе экспорттан мүлдем бас тартуға мәжбүр болған. Осыған байланысты өндіріс ошақтары алдында жаңа қиындықтар туындады. Чжэцзяндағы тігін фабрикасы басшылығының айтуынша, қауіпті індетке дейін наурыз және сәуір айларында тапсырыс көлемі жоғары болатын болса, қазіргі таңда жағдай күрт өзгерген.

ХУ ЦЗУЛИНЬ, КИІМ ӨНДІРІСІ ФАБРИКАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Ақпан айында біздің шетелдік тапсырыс берушілер пандемия оларға әсер етпейді деп, өндірісті қалпына келтіріп, тауарларды жөнелтуді сұраған еді. Бірақ өткен аптадан бастап олардың көпшілігі жеткізілімдерді кейінге қалдыруды немесе толығымен тапсырыстан бас тартып жатыр.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қаңтар-ақпанда Қытай экспортының көлемі 17%-ға төмендеген. Осыған байланысты өндіріс ошақтары жеткізілімдердің өзге де жолдарын қарастыра бастаған. Бүгінгі таңда аспан асты елі компаниялары ішкі нарықты зерттеуді қолға алып отыр.

САННИ ЛО, ЖИҺАЗ ФАБРИКАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз жаңа нарықтарды меңгеруді қолға алып жатырмыз. Сату бөлімін жаңа жағдайда жұмыс істеуге үйретеміз. Біз өзіміздің өнімдерімізді Қытай аймақтарына жеткізуді кеңейтуіміз керек.

Экспорттаушыларды қолдау мақсатында Қытай банктері несие мөлшерлемесін төмендеткен. Алайда, сарапшылардың пікірінше, қосымша әрекеттермен қатар, оның ішінара шаралар да  қажет. Мәселен, қазір өндіріс пен нарықтық стратегияны ретке келтіретін кез келді. Қазіргі уақытта  кәсіпкерлер үшін жылдам әрекет пен нарықтық сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігі ашылды. Қазірдің өзінде Чжэцзяндағы киім өндіретін зауыт бұл мүмкіндіктерді қолданып отыр. Олар процесті жетілдіріп, медициналық маскалар шығаруды жолға қойды. «Дағдарыс – жаңа мүмкіндік» деген қытайдың нақыл сөзін өндірушілер қаперге алған сыңайлы.

 

Фото: RT