Қазақстанда Өзбекстанмен бірлескен жаңа автомобиль үлгілерінің өндірісі ашылды

Қазақстанда Өзбекстанмен бірлескен жаңа автомобиль үлгілерінің өндірісі ашылды

Қостанайда Қазақстан – Өзбекстан бірлескен көлік құрастыру желісі іске қосылды. Бүгінде зауыт толық жүктемемен үш ауысымда жұмыс істейді, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты.

Жаңа өндірістік желіде осы жылдың соңына дейін мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны ашылады. Жаңа өндірістік желіде «Chevrolet» маркалы автомобилінің бірнеше  түрі жиналады. Шағын автобус пен ықшамды жүк көліктері қолжетімді болмақ.

Түпкілікті құны шамамен 3 млн теңгені құрайды. Бұл олардың сауда, логистика, ауыл шаруашылығы және өзгеде салалардағы шағын және орта бизнес үшін тартымдылығын арттырады дейді сарапшылар.

 

Фото: autoreview.ru