Қазақстанға әкелінетін өнім импорты жеңілдетілді

Қазақстанға әкелінетін өнім импорты жеңілдетілді

Қазақстанға әкелінетін тамақ өнімдеріне «жасыл дәліз» құрылды. Бұл туралы елдің қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар департамент кедендік кедергілер, тексерулер мен шығындарды бақылау алынып тасталғанын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан өзге мемлекеттерге астық жеткізуін уақытша тоқтатты. Мұндай шешімді еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдады. Нақтыласақ, бидай мен ұн экспортына шектеу қойылып отыр. Мамандар «ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етуіміз керек», дейді. Қазір еліміздегі астық қоры 9 тоннадан асады. Шектеу тек төтенше жағдай кезінде ғана қолданылады. Ұн мен астықты ауылшаруашылық министрлігі белгілеген айлық квота аясында экспорттауға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстаннан қарақұмық жармасы, қант, картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат, күнбағыс майы және басқа да азық түрлерін экспорттауға тыйым салынған болатын. Осыған байланысты халықаралық шекаралық өткізу пункттерінде экспорттық кедендік бақылау күшейтілді.

 

Фото: inform.kz