Әлем елдері халқы мен экономикасын қолдау үшін қандай шаралар қабыдап жатыр?

Әлем елдері халқы мен экономикасын қолдау үшін қандай шаралар қабыдап жатыр?

Коронавирустың жаңа түрінің белең алуына байланысты әлемнің барлық елдері халықты қолдап, экономиканың тұрақтылығын сақтау үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр.

Мәселен, Еуроодақ экономикалық блоқты Covid-19-дың әсерінен қорғау үшін 37 миллиард еуро бөледі. Оның 8 миллиарды пандемияның салдарынан шығынға ұшырайтын компаниялар мен кәсіпорындарды қолдауға  бағытталмақ. 

Ұлыбритания да бизнесті қолдау шараларын жриялады. Елдегі компанияларға жалпы көлемі 400 миллиард долар болатын несиелік кепілдік беріледі. Бұған қоса, эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанша көтерме сауда орындары, қонақүйлер мен туризм бизнесі уақытша комерциялық жылжымалы мүлік салығынан босатылады.

Германия  жалпы көлемі 750 миллиард долар болатын мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірледі. Көмек инфекцияның таралуынан жапа шеккен жеке кәсіп иелерімен қатар ел халыныңың түрлі топтарына қарастырылады. Коронавирусқа қарсы күреске және оның салдарын еңсеруге Испания да қомақты қаржы – 200 миллиард евро бағыттайтын болды. Бұл ЖІӨ-нің бестен бір бөлігін құрайды. Польшаның дағдарысқа қарсы жоспарында 46 миллиард евро қарастырылған. Франция 45 миллиард евро бөліп, жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу үшін кәсіпкерлер мен компанияларға қолдау көрсетеді. Аталған соманың тағы бір бөлігі әрине денсаулық сақтау жүйесіне беріледі.

АҚШ Президенті Дональд Трамп та коронавирустан зардап шеккендерге қаржылай көмек беру туралы заңға қол қойды. Төтенше жағдай кезінде жұмыскерлерді төленетін демалысқа жіберу, вирусты анықтау мақсатындағы тегін тестілеу және т.б. баптарға 100 миллиард доллар қарастырылып отыр. Сондай-ақ, 25 наурызда АҚШ Конгресінің Сенаты ел экономикасын ынталандырушы шаралар пакетін мақұлдады. Ол 2 триллион доллар көлеміндегі қаржы бөлуді қарастырады.

 

Фото: 24tv.ua​