Халықаралық сарапшылар мұнай дағдарысына байланысты Қазақстан экономикасының тұрақтылығын бағалады

Халықаралық сарапшылар мұнай дағдарысына байланысты Қазақстан экономикасының тұрақтылығын бағалады

Moody's Investors Service халықаралық дәрежелеу агенттігінің есебіне сай, әлемді дүрліктірген мұнай дағдарысы Қазақстан экономкасына өзге қара алтын экспортаушыларымен салыстырғанда қатты әсер етпейді. Елде дер кезінде ұтымды бюджеттік алғышарттар қабылдануының арқасында сұйық отын бағасының төмендеуіне тәуелділік азайған.

«Мұнай бағасының құлдырауына қарамастан, мұнай өдірісінің көлемін айтарлықтай арттыруға қауқарлы және 2015-2016 жылдардағыдай шығынның көлемін қысқарта алатын елдердің бұл дағдарысты еңсеру мүмкіндіктері жоғары болады.  Сондай-ақ, Катар, Ресей, Әзербайжан, Қазақстан мықты бюджеттік позиция алғышарттарының арқасында мұнай бағасының түсуі мен жергілікті валютаның құлдырауына дайын болып, фискалды осалдылық төмендейді.» делінген басылымда.

Айта кетейік,  Moody's Brent маркалы мұнай бағасының төмендеуне қатысты  қысқа мерзімді болжамдарға сәйкес құны 2020 жылы 30 пайызға төмендеп, баррелі орта есеппен 40-45 доллар, ал 2021 жылы сәйкесінше 15 пайызға қысқарып барілі 50-55 долар болады деп бағалады. Алайда агенттік орта мерзімді болжамға сай баррель бағасы 50-70 долар шамасында сақталатынын айтады.

 

Фото: ritmeurasia.org