Биыл елімізде 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған

Биыл елімізде 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған

Қазақстанда 2020 жылы 120 миллион тонна көмір өндіру жоспарланған. Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қатты отынның 82 млн тоннасы ішкі нарықты қамтамасыз етуге жұмсалатын болады.

Ал отандық өнімнің қалған бөлігін экспортқа жөнелту көзделіп отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында ғана 18 млн тоннадан астам көмір өндірілді.

2020 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша, жылдық жоспарға сәйкес көмір қорымен қамтамасыз ету 99,7%-ды құрады.

Бұл орайда айта кетерлігік жайт, былтыр «Қазақстан Республикасының көмір саласын дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілді, сондай-ақ «2019-2020 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір өнімдеріне қажеттілік жоспары» жасалды.

 

Фото: 7kun.kz