2024 жылға дейін қосымша 12,5 мың гектар алма бағы өсіріледі

2024 жылға дейін қосымша 12,5 мың гектар алма бағы өсіріледі

Қазақстан алдағы 4 жылдың ішінде импорттық алманы толықтай отандық жемістермен алмастыруға ниетті. Бүгінде жергілікті өніммен ішкі нарықты қамамту көлемі 63% құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы тәуелділіктен арылу үшін 2024 жылға дейін қосымша 12,5 мың гектар алаңда алма өсіруді қолға адды.

Алдын ала болжамға сай, бұл бақтарда 105 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда ғана өзімізде өндірілген алма көлемі 15% ұлғайды. Әзірге шетелдік бақша дақылын Қытай, Германия және Польша елдерінен тасымалданады.

АЙХАН СҰЛТАН, ҚР АШМ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

 - Алма импорты бойынша тәуелділік бар. Сондықтан биылдың өзінде 2 мың гектар аумақта алма бақтарын егуді жоспарлап отырмыз. Олар негізінен Алматы, Түркістан, Жамбыл өңірлері сынды елдің оңтүстік аймақтарында қанат жаятын болады. «Голден», «Гала» және «Ред делишес» деген кеңге танымал сұрыптары отырғызылады деп шешілді. Таңдау осы түрлеріне бекер түскен жоқ. Өйткені, бұл тұқымдар жергілікті ауа-райына бейімді әрі өнімділігі аса жоғары.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: sputniknews.kz