ҚР Ұлттық банкі: COVID-19 вирусының қолма-қол ақша арқылы таралу ықтималдығы төмен

ҚР Ұлттық банкі: COVID-19 вирусының қолма-қол ақша арқылы таралу ықтималдығы төмен

Коронавирус пандемиясы кезінде байланыссыз төлем жолдарын пайдаланған дұрыс. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің мәлімдемесінде айтылған.

«Дүкендер мен дәріханаларда, онлайн саудада қолма-қол ақшасыз төлеммен есеп айырысуға кеңес береміз. Бұл байланыстың саны мен деңгейін төмендетіп, коронавирустың таралуына жол бермейді», делінген хабарламада.

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, COVID-19 вирусының таралу ықтималдығына қатысты түсініктеме беру Ұлттық банк құзыретіне жатпайды.

«Әйтсе де қолма-қол ақшаны пайдалануға байланысты қауіп – есіктің тұтқасын, несие картасын немесе мобильді телефонды ұстап, пайдалану қаупінен жоғары еместігіне назар аудартамыз. Біз қолымызбен күнделікті ұстайтын қаншама зат бар. COVID-19 вирусы жұққан банкноттың айналымға түсу ықтималдығы төмен. Ең бірінші кезекте, банкнот ұзақ уақыт бойы инкассацияда сақталады. Ұлттық банктің ішкі нормативіне сәйкес, екінші деңгейлі банктерден түсетін қолма-қол ақша қайта есептелгенге дейін 45 күн бойы, ал есептелгеннен кейін 1 жылға дейін ашылмай жатуы мүмкін», - дейді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусты банктонаталар арқылы да жұқтыруға болады деп санайды. Сондықтан ұйым қолма-қол ақшаны ұстаған кезде бетіңізді ұстамай, қолыңызды жиі жууға кеңес береді.

 

Фото: kursiv.kz