Brent маркалы мұнай бағасы баррелі үшін 30 доллардан асты

Brent маркалы мұнай бағасы баррелі үшін 30 доллардан асты

ICE Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 20 наурыздан бері алғаш рет баррелі үшін 30 доллардан асты. Сауда-саттық қорытындысы бойынша мәліметтерден осыны көруге болады. Оған сәйкес, фьючерстер құны 1,032%-ға өсіп, баррелі үшін 30,05 долларды құраған.

Мұнай нарығындағы оң құбылыс екінші күн қатарынан жалғасуда.

Қара алтын құны наурыз айының басында күрт құлдырап кеткен. Бұған коронавирустың белең алуы, ОПЕК+ келісімшартының жүзеге аспай қалуы және Сауд Арабиясының мұнай өндіру көлемін арттыру туралы мәлімдемесі себеп болған.

 

Фото: inbusiness.kz