Тау-кен өндіру өнеркәсібіне 450 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Тау-кен өндіру өнеркәсібіне 450 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

450 млрд теңгеден астам. Биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстанның тау-кен өндіру секторына осындай көлемде инвестиция тартылды. Оның 400 млрд теңгеге жуығы мұнай және газ өндіруге бағытталған. Бұл туралы finprom.kz порталы ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтерін негізге ала отырып хабарлайды.

2020 жылдың алғашқы айында тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді игеруге салымдар көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,7 %-ке ұлғайған.

Өңірлер бойынша инвестициялардың ең көп көлемі – 343 млрд теңге Атырау облысына тиесілі, қалған қаржы Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына бағытталған.

Тау-кен өндіру өнеркәсібіне инвестицияның 86% мұнай және газ өндіруге салыныпты. Инвестициялық тартымдылық жөнінен алғашқы үштікке металл кендерін және көмір өндіру салалары да кіреді. 

Фото: vlast.kz