Юаньмен көрсетілген облигациялар Қазақстанда алғаш рет листингтелді

Юаньмен көрсетілген облигациялар Қазақстанда алғаш рет листингтелді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында (Astana International Exchange) алғаш рет юаньмен көрсетілген облигациялар листингтелді. Бұл Қытай құрылыс банкінің Астанадағы филиалының құнды қағаздары болды. Листинг бір мезетте Гонконг биржасында жүзеге асырылады. Шығарылым өтеу мерзімі 2022 жылдың наурыз айына белгіленген және жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2.95% болатын жалпы сомасы 1 млрд (63 млрд теңгеге жуық) қытайлық юаньмен көрсетілді. Облигациялар тек кәсіби инвесторларға қолжетімді. Түскен қаражат жергілікті инфрақұрылымдық жобалар мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының Қазақстандағы жобаларын қаржыландыруға жұмсалады.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

- CCB Astana Branch облигацияларының листингі – «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының аясындағы Қазақстан-Қытай қаржылық ынтымақтастығының маңызды нәтижесі. Бұл АХҚО, Қазақстан және Орталық Азиядағы юаньның есеп айырысу нарығын одан әрі дамытуға ықпал ететін маңызды кезең.

«АХҚО Қытай юані үшін өңірлік есеп айырысу орталығы болуды көздейді», делінген қаржы орталығының ресми хабарламасында.

 

Фото: lsm.kz