Қазақстандық агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері 40-тан астам елге жеткізіледі

Қазақстандық агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері 40-тан астам елге жеткізіледі

Қазақстан алдағы 5  жылдың ішінде сыртқа шығарылатын ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы құнын 4 миллиард доларға жеткізуге ниетті. Экспорттың тең жартысын өңделген тауарлар құрайды деп күтілуде. Бұл туралы біздің тілшімізге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің бас сарапшысы Айхан Сұлтан мәлім етті.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін ауыл еңбекерлерін қосылған құны жоғары өнім шығаруға ынталандыруға бағытталған арнайы бағдарлама жүзеге асырылады. Мақсат – былтыр 34 пайызды құраған шикізаттық емес экспорттың үлесін 50 пайызға дейін арттырып, жаңа нарықтарға шығу.

Ауыл шаруашылық миниістрлігі өкілінің айтуынша, бүгінде отандық агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдері әлемнің 40-тан астам елдерінде сұранысқа ие.

АЙХАН СҰЛТАН, ҚР АШМ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ

- Министрлік аталмыш бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, өңделген ауылшаруашылық өнімдері экспортының үлесін одан әрі жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл ең алдымен, фермерлердің кірісін арттырады. Шаруалар осыны түсінуі керек. Алға қойған осы мақсаттарға жету үшін ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді шикізаттық өнімдерін қайта өңдеуге тапсыруға ынталандыратын түрлі қолдау тетіктері іске қосылады.   

Фото: bossagro.kz