Қазақстандық биржадағы сауда-саттық Франкфурт аукционы режимінде өткізіледі

Қазақстандық биржадағы сауда-саттық Франкфурт аукционы режимінде өткізіледі

Ағымдағы аптаның соңына дейін қазақстандық биржадағы сауда Франкфурт аукционы режимінде өтетін болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі және KASE жасаған бірлескен мәлімдемеде айтылған. 

«Өткен бір тәуліктің ішінде жаһандық қаржы нарықтарының қатты құбыла бастады. Brent маркалы мұнайдың бағасы баррель үшін 25 долларға, бір тәуліктің ішінде 14%-ке төмендеді. Осылайша, жыл басынан бері 60%-ке арзандады. Әлемдік қор және валюта нарықтарында да құлдырау жалғасуда. Қазақстанның ұлттық банкі мен қор биржасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және сыртқы факторлардың әсерін шектеу мақсатында 19-20 наурызда теңге-доллар сауда-саттығын Франкфурт аукционымен өткізу туралы шешім қабылдады», - делінген ресми хабарламада. 

Атап өтерлігі, сауда-саттық ашылғанда клиенттердің берген өтінімдерінде баға оған дейінгі көрсеткіштен 1,5%-ке ауытқып кетсе, Франкфурт аукционының режимі ашылады. 

Ол жеті минут жүреді. Кейін тағы жалғасуы мүмкін. Бұл кезеңдеқатысушылар валюта бағамын көре алмайды. Ал электронды жүйе барлық өтінімдердің негізінде орташа бағамшығарады.

«Алдағы сауда-саттықтардың режимі туралы ресми мәлімдемелер арқылы жеткізілетін болады ", - делінген хабарламада.

Фото: abctv.kz