Ауыл шаруашылығы саласында 94 жоба іске қосылады

Ауыл шаруашылығы саласында 94 жоба іске қосылады

Еліміздің ауылшаруашылығына тартылатын инвестиция рекордтық көлемде артып келеді. Мәселен былтыр 2018 жылмен салыстырсақ  агроөнеркәсіптік кешенге құйылған қаржы 41% өскен. Ол 500 млрд теңге шамасында болды.

Ал биыл көрсеткіш тағы  өрге басып, саланың дамуына 559 млрд теңге бағытталмақ. Нәтижесінде отандық өнімдердің бәсегеге қабілеттілігін арттырып, импорт алмастыруды көздейтін 94 инвестициялық жобаны жүзеге арыру жоспарланған. Жалпы алдағы бес жылда бұл өсім қарқынын сақтап, ведомства 4,4 трлн теңге инвестиция тартуды межелеп отыр. Осыған қатысты еліміздің ауылшаруашылық министрлігі мен үкімет арасында тиісті мемарандумға қол қойылған.  

АЙХАН СҰЛТАН, ҚР АШМ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

- Сондай-ақ біз саланың дамуына  ірі инвесторлар мен трансұлттық компанияларды тарту жұмысын белсенді түрде жүргізетін боламыз. Бұл ең алдымен шетелдік инвестиция тартумен қатар салаға озық үлгідегі технологиялар ендіруге үлкен сеп болады. Бұған қоса халықаралық компаниялардың жаһандық деңгейдегі байланыстары және мамандарды әлемдік стандарттарға сай оқытуға мүмкіндік береді.

 

Фото: openbusiness.ru