Қазақстанда мұнай өндіру саласын қолдау шаралары

Қазақстанда мұнай өндіру саласын қолдау шаралары

Қазақстанда мұнай өндіру саласын қолдау шаралары қолға алынып жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қолдау тетіктерінің бірі ретінде жер қойнауын пайдаланушыларға салықтық жеңілдіктер қарастырылатын болады. Қазақстанның мұнай сервистік кәсіпорындары одағының төрағасы Рашид Жақсылықовтың ақпаратына сүйенсек,  әлемдік нарықта  қара алтын құнының күрт төмендеуіне байланысты ел қазынасына мұнай мен газ экспортынан түсетін кіріс үш есеге дейін азаюы  мүмкін.  

Оның айтуынша, соңғы екі жылда отандық мұнай мен мұнай өнімдерін  саудалаудың арқасында бюджетке 1 трлн теңге түсіп отырған.

Фото: metalinfo.ru