Әлемдегі ең бай 20 адам бір айда 300 млрд доллар жоғалтты

Әлемдегі ең бай 20 адам бір айда 300 млрд доллар жоғалтты

Жер-жаһанды дүрбелеңге салған коронавирустың салдарынан соңғы бір айдың ішінде әлемнің ең бай 20 адамы жалпы құны 300 млрд долларға жуық жеке капиталынан айрылды. «Дүрбелең дүйсенбі» күні халықаралық қажы нарықтарының құлдырауы әлемнің аса ауқатты адамдары тізіміндегі 20-ның бірден 68 млрд долларын жоғалтуына әкеп соқты. Мұндай деректі америкалық Forbes келтіріп отыр.

Баспаның мәлімдеуінше, бұл – 1987 жылдан бері тіркелген ең үлкен құлдырау көрсеткіші. Қомақты қаржылық шығынға ұшырағандардың қатарында Facebook, Microsoft және Google-дің негізін қалаушылар Марк Цукерберг, Билл Гейтс пен Ларри Пейдж бар.

 

Фото: hr-portal.ru