Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 10,6 пайызға артты

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 10,6 пайызға артты

Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы тауар айналымы 2019 жылы 2,7 млрд доллардан асты. Бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 10,6 пайызға көп, деп хабарлайды Finprom порталы.  Екіжақты тауар айналымының басым бөлігін біздің экспорт құрайды.

Былтыр Қазақстан көрші елге 2 млрд АҚШ долларының тауары мен қызметін жеткізген. Ал Өзбекстаннан әкелінетін импорт алдыңғы жылғы көрсеткіштерге қарағанда 20,6% ға артып, 771,2 млн долларды құрады. Биылғы жылдың бірінші наурызындағы ахуал бойынша, Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1 мың 154 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың дені сауда және құрылыс, ғылыми және техникалық қызмет салаларында жұыс істейді.

Фото: express-k.kz