Үкімет 7 бағыттан тұратын дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар топтамасын бекітті

Үкімет 7 бағыттан тұратын дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар топтамасын бекітті

Ел Үкіметі 7 бағыттан тұратын дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар топтамасын бекітті. Ол қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруды, кепілдіктер беруді, салықтық ынталандыруды, бизнесті тексеруді азайтуды және жұмыспен қамтамасыз етуді қамтиды. Соның ішінде, импортқа тәуелділікті азайтып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін несиелендіру көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Кредиттер бойынша түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі 6% болады. 16 наурыз бен 15 маусым аралығында жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне несие төлеуде жеңілдік жасалады.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Отандық өнімдерді одан әрі көбейту және ұлттық экономиканың импортқа тәуелділігін азайту мақсатында қазақстандық өндірушілерді қосымша қолдау шаралары қабылданады. Ішкі нарықты толықтыру және өндірісті ынталандыру үшін ұлттық экономиканы кредиттеу көлемі айтарлықтай ұлғайтылады. Төтенше жағдай кезінде төлемдерін кешіктіру бойынша қарыз алушыларға айыппұл есептелмейтін болады. Банктер кәсіпкерлерге төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасауы керек.