Қазақстан Үкіметінің экономикалық ахуалды реттеу шаралары

Қазақстан Үкіметінің экономикалық ахуалды реттеу шаралары

Қазақстан Үкіметі ұлттық экономикаға сыртқы әсерлерді азайтуға бағытталған бірқатар шаралар әзірледі. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында белгілі болды.  Атап айтқанда, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері теңгенің жаңа курсына сәйкес  индексацияланады. Сондай-ақ Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12 процентке өсіргені белгілі болды.

Ерболат Досаевтың айтуынша, мұндай шара баға тұрақтылығын сақтау үшін және теңгенің айырбастау бағамын қорғау үшін қажет.

Фото: ru.sputniknews.kz