Қазақстан Орталық Азия аймағында газ транзитінің негізгі торабына айналды

Қазақстан Орталық Азия аймағында газ транзитінің негізгі торабына айналып келеді. Бүгінде ел аумағы арқылы өңірдің газ өндіруші елдері төл өнімдерін сырт мемлекеттерге тасымалдайды. Бүгінге дейін ғана тек Қазақстан-Қытай бағытында 121 млрд текше метр табиғи газ жеткізілген. Қазіргі таңда Ресейлік тарап аспан асты еліне біздегі транзиттік магистральмен көгілдір отынын өткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Халықаралық желі, ең алдымен қазақстандық газ экспортының әлеуетін арттыруға септігін тигізіп отыр. Артылған отандық көгілдір отынның дені Қытай мен Ресейге және бір бөлігі Қырғызстанға жөнелтіледі.   

ҚУАНЫШ СӘРСЕКЕЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ ГАЗ ЖӘНЕ МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің аумағымыз арқылы ресейлік,өзбекстандық, түрікменстандық газ тасымалданады. Қазақстан Орталық Азиядағы негізгі аймақтық хаб ретінде елдерді байланыстырушы торапқа айналды. Құрлықаралық транзиттің көп бөлігі біз арқылы өтеді. Қазақстан осы артықшылығын барынша пайдаланып жатыр. Бұл табиғи газдың тасымалына да қатысты.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: interfax.ru