Қазақстанның тоқыма өндірісінің экспорты 25 есеге артқан

Қазақстанның тоқыма өндірісінің экспорты соңғы 4 жылда 25 есеге артқан. Бұл туралы парламенттік тыңдау барысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық мақта талшықтары негізінен Қытай, Молдова, Ресей елдеріне тасымалданады. Есесіне, киім-кешек 15% былғары бұйымдары 54% синтетикалық мата импорты 55 пайызға қысқарған. 

Министрдің айтуынша, қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің қуаты 1,5 млрд доллардың өнімін шығаруға қауқарлы. Ал Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева бұл әлеуетті барынша жүзеге асыру үшін сала өкілдерін өнім жарнамасына ерекше назар аударуға шақырды. Бұл іске танымал отандық сахна және спорт саңлақтарын тарту керектігін тілге тиек етті.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Егер Димаш Құдайберген тек өзіміздің Жетісу фабрикасының аяқ киімімен сахнаға шықса, өте жақсы ғой. Сонымен қатар отандық өндірушілер тіккен костюмдер кисе, оңтайлы нәтиже болатыны анық. Мұнымен қоса, бізде осы саладағы спорттық өнімді жарнамалауға қауқарлы спортшыларида аз емес. Осы шараларға уақыт пен қаржы бөлу керек.  Бұл тұрғыда біздің жұлдыздарымыз өздерінің үлесін қосуға дайын деп ойлаймын.

Фото: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: vk.com