«Самрұқ-Қазына» ҰҚ бірқатар компаниямен 34 млрд теңгеден асатын келісім бекітті

Елімізде импортты алмастыратын мыңнан аса тауар түрі  айқындалған. Ішкі нарықты жергілікті өніммен қамту бағытында жобаларын жүзеге асыруға 180 кәсіпорын қызығушылық танытып отыр. Осы орайда «Самрұқ-Қазына» ұлттық қоры бірқатар компаниямен жалпы құны 34 млрд теңгеден асатын келісім бекітті. Жаңа өндіріс ошақтарын ашу бойынша 27 келісім мақұлданған. Олардың инвестициясы шамамен 915 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде бірқатар салалар бойынша қордың сатып алуларындағы қазақстандық үлес 60 пайызға жетіп отыр. Бұл жөнінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған форумда үкімет басшысы Асқар Мамин мәлім етті.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Ұлттық экономиканың тұрақты өсімі ішкі өндіріс пен өнеркәсіпке байланысты. Сондай-ақ шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпорындардың арасында орнайтын тығыз кооперация да – аса маңызды қадамдардың бірі. Бүгінгі форумға шағын және орта бизнес саласындағы 200-ге тарта кәсіпорынның өкілдері қатысуда. Осылайша, ұлттық компаниялар, өндірушілер арасында диалог орнайды.

Фото: 7kun.kz