Қазақстанның майлы өнімдері Орталық Азия нарығында сұранысқа ие

Қазақстан 2025 жылға қарай Орталық Азия елдеріне май өнімдерін жеткізетін негізгі экспортерге айналуға мүдделі. Бұл ниетті жүзеге асыру үшін отандық компаниялар өндіріс іргесін кеңейтіп, өз кәсіпорындарында шикізатты терең өңдеуге мүмкіндік беретін озық технологияларды ендіріп жатыр. Еліміздің май-тоңмай одағының президенті Константин Невзоровтың айтуынша, елде жыл сайын 450 мың тонна май өнімі шығарылады. Оның жартысынан астамы көршілес елдерге жөнелтіледі, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі. 

КОНСТАНТИН НЕВЗОРОВ, «ҚАЗАҚ­СТАН МАЙ-ТОҢМАЙ ОДАҒЫ» ҚАУЫМ­ДАС­ТЫҒЫ» ЗТБ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біздің кәсіпорындарымыз халықаралық стандарттарға сай аса жоғары сапалы өнімдер шығаратын мүмкіндіктері бар екенін көпшілікке танытып үлгерді. Қазақстандағы кәсіпорындарда заманауи өндірістік желілер ендірілген. Мәселен бүгінгі таңда маргарин, майонез шығаратын біздің зауыттардың өнімі трансмайларсыз жасалады.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері 2018 жылы елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық салаларын дамыту жылы деп жариялағаннан кейін, қос тарап арасындағы тауар айналымының көрсеткіші айтарлықтай артқандығы байқалады. 2018 жылы 3 млрд доллар болса, биыл бұл меже 5 млрд долларға жетеді деп күтілуде.

КОНСТАНТИН НЕВЗОРОВ, «ҚАЗАҚ­СТАН МАЙ-ТОҢМАЙ ОДАҒЫ» ҚАУЫМ­ДАС­ТЫҒЫ» ЗТБ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Өзбекстан Республикасы май-тоңмай өнімдерін аса көп көлемде тұтынатын  мемлекеттердің санатына жатады. Мәселен, тазарттылған май бойынша ғана адам басына шаққанда 14 литрден келеді екен. Ал біздің Қазақстанда  бұл көрсеткіш 9 литрді құрайды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: ​inbusiness.kz