Үргеніш қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның II өңіраралық форумы өтті

Үргеніш қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның II өңіраралық форумы өтті

Құны 500 млн долларды құрайтын 52 құжат. Үргеніш қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстанның екінші өңіраралық форумының қорытындысы осындай. Көршілес республика қазақстандық астық, ет және сүт өнімдерін сатып алуға дайын. Осы орайда көршілес республика Қостанай облысымен ынтымақтастықты жолға қоймақ. Форум барысында біздің тарап Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумағында жеңіл өнеркәсіптің қазақ-өзбек кластерін құруды ұсынды.

Сонымен бірге Түркістан, Ташкент, Самарқан, Бұқара облыстарындағы туристік жерлер бойынша «Алтын шаршы» бағытын ашу туралы идеяны ортаға салды.

АСҚАР МАМИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Екі ел арасындағы сауда-саттық бүгінде 4,1 млрд АҚШ доллардан асты. Биыл бұл көрсеткішті 5 млрд-қа дейін жеткізу жоспарда бар. Ол үшін қос мемлекеттің қауқары жеткілікті. Ал алдағы уақытта алыс-беріс көлемі 10 млрд долларға дейін жетеді деп отырмыз. Өндірістік процесстерді біріктіру бойынша біраз жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта көлік құрастыру, құрылыс материалдарын өндіру, агроөнеркәсіп бағыттары бойынша бірлескен жобаларды табысты жүзеге асырып жатырмыз.

Фото: inform.kz