1 наурызда Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастығының жаңа кезеңі басталады

1 наурызда Қазақстан-Еуропа қарым-қатынастарының тарихында жаңа кезең басталады. Осы күннен республика мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісім күшіне енеді. Құжатқа 2015 жылдың 21 желтоқсанында қол қойылған болатын. Еліміздің Тұңғыш Президентінің кеңесшісі Әділ Тұрсынов өз мақаласында бұл келісімнің қос тарап үшін тарихи мәнге ие екендігін атап көрсетеді. Ол саяси және экономикалық ықпалдастық көкжиегін кеңейтуге септігін тигізеді.

Бұған қоса, Қазақстанның Еуроодақпен және оған мүше мемлекеттермен екіжақты, аймақтық және жаһандық деңгейдегі кешенді диалогтың дамуына тың серпін береді. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің халықаралық дәрежедегі жоғары беделінің арқасында мүмкін болды, делінген мақалада. 

Фото: baigenews.kz