АХҚО базасында Катардың ірі банктерінің бірінің филиалы ашылады

АХҚО базасында Катардың ірі банктерінің бірінің филиалы ашылады

Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында Катардың ірі банктерінің бірінің филиалы ашылады. Отандық кәсіпкерлер араб қаржылық мекемесі арқылы төмен мөлшерлемемен несие алып қана қоймай, корпоративтік басқару тәжірибесін де меңгереді, дейді мамандар. Сарапшылардың бағалаулары бойынша, Катарлық банк филиалының ашылуы елімізге басқа да ірі халықаралық қаржылық алыптарды тартуға септігін тигізеді.

Айта кетейік, қазіргі кезде әлемде исламдық қаржыландыруға сұраныс артып келеді. Бұл ретте кәсіпкерлерді несиелеу кезінде тәуекелдер аз және қаржылық институттардың қызметі айқын болады.

Фото: finance.kz