А. Мамин: 2020 жылы тартылған тікелей инвестициялар көлемі 25 млрд доллардан асты

А. Мамин: 2020 жылы тартылған тікелей инвестициялар көлемі 25 млрд доллардан асты

Қазақстанның стратегиялық міндеті – негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемін Жалпы ішкі өнімге шаққанда 30%-ға дейін жеткізу. Бұл туралы ел Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл энергетика, көлік, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да стратегиялық салалардың қосылған құн салығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Үкімет басшысының атап өтуінше, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ЖІӨ 4,5 пайызға өсті, ал тартылған шетелдік инвестициялар көлемі 25 млрд доллардан асты, ал шетелдермен сауда айналымы 96 млрд долларға жетті. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстан 28-ші орыннан 25-ші орынға көтерілді.

Фото: primeminister.kz