Түркістан облысында POS-терминалдар, асфальт бетон шығарыла бастайды

Биылдан бастап Түркістан облысында POS-терминалдар, асфальт бетон, темір тор шығарыла бастайды. Жалпы 2020 жылы Түркістан индустриалды аймағында 6 кәсіпорын іске қосылмақ. Тағы 3 жоба өңірлік үйлестіру кеңесінен өткен. Сонымен алдағы уақытта 350 гектар аймақта 100-150 кәсіпорын жайғасады деп күтілуде. Жергілікті құрылыс материалдары өнімдері нарықта қазірдің өзінен сұранысқа ие. Мәселен, темір бетон шығаратын зауыт жылына 7 мың дана дайын өнім шығарады.

МҰХТАР АҚЫЛБЕКОВ, ЦЕХ БАСШЫСЫ:

 - Тәулігіне 38 плита, 150 темір бетоннан 150 құйылады. Басқа да заттар құйылып жатыр. Оның негізінен Түркістан, Жаңақорған, Шиелі, Қызылорда, Кентау, Шәуілдір алады.

Жергілікті жиһаз шығаратын фабриканың өнімділігі де жыл сайын артып келеді. Кәсіпорында 140 адам жұмыспен қамтылған. 10-нан аса жиһаз түрін шығарып, жылына 250 млн теңгенің өнімін өндіреді. Бұл мамандар әр күн сайын сапалы жатын бөлме мен асүй, қонақ бөлмеге арналған 200 данаға жуық жоғары сапалы жиһаздар шығарады.

САБЫРЖАН ЫСҚАҚОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ:

 - 2019 жылы 25 мың дана жиһаз шығардық. 2020 жылы 40 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Дайын өнімді барлық облысқа жіберіп жатырмыз. Әр облыста біздің өкілдеріміз бар. Біз шикізаттың 80 пайызын Ресейден, 20 пайызын Қытайдан аламыз. Шикізатты алу қиындау, Үкіметтен тауар өндірушілерге жеңілдік болса, жақсы болар еді.

ТАЛҒАТ ҚЫДЫРБАЕВ, ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - 2019 жылдың 3 тоқсаны бойынша индустриалды аймақта 4 млрд теңгенің қнімі шығарылды.

Фото: express-k.kz