ЕАЭО электромобильдерге кедендік баж салығының нөлдік ставкасы қолданылмақ

ЕАЭО электромобильдерге кедендік баж салығының нөлдік ставкасы қолданылмақ

Еуразиялық Одақ электромобильдерге кедендік баж салығын 2020 жылдың соңына дейін алып тастайды. Бұл жеке тұлғалардың шекара арқылы өткізетін тауарларына да қатысты болады. Сарапшылардың  пікірінше, шара Еуразиялық экономикалық одақта электромобильдер нарығын қалыптастыруға, олардың өндірісі мен зарядтау инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, осыдан 4 жыл бұрын электромобильдерге салынатын кедендік баж салығының нөлдік ставкасы қолданылған болатын. Сонымен бірге Одақ елдеріндегі сату көлемі оны 1 жылдан аз уақытқа пайдалану жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейтінін көрсетті. Дегенмен ол кезде бұл шара жеке тұлғаларға қолданылмағанын айта кеткен жөн.  

Фото: kolesa.kz