АХҚО: Исламдық және жасыл қаржыландырудың аймақтық хабы

«Астана» халықаралық қаржы орталығы «жасыл» және исламдық қаржыландыру құралдары мен тетіктерін енгізу мен қолданудың тиімді алаңына айнала алады. Сарапшылардың айтуынша, бұл Орталық Азия аймағына инвестициялардың айтарлықтай ағынын тартуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушылар үшін Еуразияның перспективалық нарықтарына шығуға жол ашады. Бұл барлық тараптар үшін аса тиімді болмақ, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі. 

Сонымен қатар сарапшылар бұл әлемдік қаржы орталықтарының классикалық функцияларын орындауға ғана емес, сондай-ақ халықаралық қаржыны дамытудың ең перспективалы бағыттары бойынша қызметтер көрсетуге да ықпал ететіндігіне сенімді.

ДИМОСТЕНИС ДИМОПУЛОС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША САРАПШЫ:

 - Орталық Азияға шетелдік инвестициялар ағынын тартудың жақсы тәсілі – өңірлік мекемелер мен ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл тұрғыда «Астана» қаржы орталығы өңірдегі өте құнды актив болып табылады. Сонымен қатар өңір елдері бәсекеге қабілетті болу және шетелдік инвестицияларды тарту бағытындағы шараларын жалғастыруға тиіс. Мысалы, Ислам банкингі нақты экономикада нақты жобалармен жұмыс істеуге арналған. Бүгінде исламдық қаржыландыруға инвестициялауға қызығушылық білдірушілер көп. Бұл жасыл қаржыландыруға да қатысты.

Авторы: Ақзер Сегізбева 

Фото: sputniknews.kz